Ақмола облысының әкімі таныстыру барысында оның тәжірибелі басшы екенін жеткізді.
Әнуар Күмпекеев Көкшетау қаласының әкімі лауазымына тағайындалды
241
оқылды

Көкшетауға жаңа әкім тағайындалды. Бұл лауазымға Павлодар қаласының бұрынғы әкімі Әнуар Күмпекеев келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Ақмола облысы әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және қалалық мәслихаттың мақұлдауымен Әнуар Күмпекеев Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды. Облыс әкімі Марат Ахметжанов жаңа әкімді таныстыру барысында оның тәжірибелі басшы екенін, жоғары кәсіби және ұйымдастырушылық қабілеттерге ие екенін атап өтті», – делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Марат Ахметжанов атап өткендей, жаңа әкімге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және құрылыс салаларындағы мәселелерді шешу бойынша белсенді жұмыс жүргізу қажет болады. Сонымен қатар қазіргі уақытта қала әкімінің басты міндеттерінің бірі – жылыту маусымын ойдағыдай өткізу және тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету болмақ.

«Алда шешілуі тиіс мәселелер мен жүзеге асырылатын жаңа жобалар бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұр. Сондықтан жедел әрі тиімді шешімдер қабылдау талап етіледі», – деді облыс әкімі.