Қайғылы оқиғадан бір адам көз жұмған болатын.
ІІМ Ақтөбе облысындағы тікұшақ апатына байланысты тергеуді бастады
polisia.kz
226
оқылды

Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысындағы тікұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Telegram-дағы Polisia.kz арнасының мәліметінше, 9 қарашада облыстағы аэродром аумағында оқу-жаттығуы кезінде МИ-8 тікұшағы қатты қарқынмен қонып, кейін оның багы өртенген.

Салдарынан бір адам қаза тауып, 2 адам Ақтөбедегі ауруханаға жеткізілді.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында тергеу органдары жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлады ІІМ ӘТД Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы.