Көз жұмған екі адамның бірі Алматының тұрғыны, екіншісі тараздық екені белгілі болды.
Таразда екі әйелді жалдамалы пәтерде өлтірген күдікті қолға түсті
Видеодан алынған кадр
536
оқылды

Жамбыл облысында екі адамды өлтірді деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жедел тергеу іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұрын ол сотталмаған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

"Қайғылы оқиға болған жалдамалы тұрғын үйдің иесі жеке тұлғалардың тіркеусіз тұруына рұқсат бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицияға көршілерден бұл пәтерге қатысты шағым түскен жоқ", – деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін Таразда жалдамалы пәтерден екі әйел өлі табылған болатын.