Аралас жекпе-жек шебері Мөлдір тарихи жеңіске жетті.
Тарихи жеңіс: Мөлдір Әшірбекова – ММА чемпионы атанған тұңғыш қазақ қызы
1,005
оқылды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мөлдір Әшірбекова MMA IMMAF бойынша еліміздің шыққан тұңғыш чемпион атанды,  деп жазады Aikyn.kz.

Аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясының ұйымдастыруымен (IMMAF) Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатыр. Мөлдір Әшірбекова 74,8 келі салмақта өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. 

Ширек финалда жерлесіміз анголалық Эсперанса Чилалды 17:5 есебімен жеңіп, жартылай финалда тағы бір анголалық Джорджина Людмиладан басым түсті (11:1).

Ал финалдық айқаста мексикалық Мелисса Диас Мединамен кездесіп, қарсыласын тас-талқан етіп ұтты, есеп – 13:1.

«Мөлдір – Қазақстан тарихындағы тұңғыш чемпион. Тарихи жеңіс»,  деп жазды Қазақстанның аралас жекпе-жек федерациясының баспасөз қызметі. 

Ташкенттегі турнир 4-10 қараша аралығында өтті. Мөлдір Әшірбековадан бөлек, қазақстандық Ерұлан Қабдолов (52,2 келі) та чемпион атанса, тағы алты спортшымыз күміс және қола медаль еншіледі.