Бұл оқиғаның видеосы қай қалада түсірілгені белгісіз.
Кірпігін өсіріп, қасын тергізген қазақ жігітінің әрекеті қызу талқыланып жатыр
640
оқылды

Әлеуметтік желіде сұлулық салонына келіп, кірпігін өсіріп, қас тергізген жігіттің видеосы қызу талқыға түсті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кадрдан ер жігіттің сән салонына келіп, кірпік өсіру процедурасын жасатқанын көруге болады. Одан кейін жігіт қасын да тергізеді. Ал видео соңында айнаға қарап, «Күшті болып тұр, маған ұнады» деді.

Желі қолданушылары жігіттің бұл әрекетін сынға алды.

«Ер азаматымыздың мынадай әрекетке барғаны өкінішті», «Жігіт боп кіріп, гейге ұқсап шықты», «Еркектен қатынға екі қадам», «Ер азамат деген атаққа лайық емес», «Әкең сендей ұлының бар болғанына жылаған шығар», «Әйелге ұқсап қалды түрі. Еркек еркек болып қалу керек», «Жетісіпті», «Енді жетпегені осы еді»,  деді көпшілік.