Бұл асқабақ тұқымы, оның құрамында В тобы витаминінің барлық түрі, А және Е витаминдері бар.
«Холестерин мен қантты төмендетеді»: бұл тағамның 100 грамы тәуліктік қажеттілікті толтырады
Фото: naturessunshine.com
780
оқылды

Флеболог, жүрек-тамыр хирургі, медицина ғылымдарының кандидаты Максим Абасов түрлі ауруларға ем болатын, ағзаны түрлі витамин мен микроэлементтермен толықтыратын тағам түрін атады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Hibiny.ru-ға сілтеме жасап.

«Магний таблетка түрінде керек емес. Бұл тағамның 100 грамы тәуліктік норманы толтырады, холестерин мен қантты төмендетеді», – делінген сайттағы мақала атауында.

Бұл асқабақ тұқымы, оның құрамында В тобы витаминінің барлық түрі,  А және Е витаминдері бар. Оның 100 грамы жүрек жұмысына қажет магнийдің тәуліктік қажеттілігін толтырады. Дәрігердің айтуынша, асқабақтың 100 грамын жеген соң магнийді таблетка түрінде қабылдаудың қажеті жоқ. 

Сондай-ақ 100 грам асқабақ тұқымында цинктің тәуліктік қажеттілігінің 65%-ы, темірдің 50%-ы және калийдің 33%-ы бар.

Асқабақ тұқымы қан қысымын төмендетіп, артрит кезінде қабынуды басып, қант деңгейін төмендетіп, құрамында ақуыздың көп болуына байланысты қант диабетінің алдын алады. Сондай-ақ ол ішек құртымен күресте нөмір бірінші тағам.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.