Т.Рысқұлов және Меркі аудандарында 14 келіден астам гашиш пен 42 келі марихуананы сатуға әрекеттенген екі Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
Жамбыл облысында есірткі сатпақ болған екі қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Фото: gov.kz
211
оқылды

Осы жылдың қазанында ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен қатысушылары есірткіні аса ірі көлемде тасымалдады және сатты деген күдікпен екі есірткі тобының әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сонымен, Т.Рысқұлов және Меркі аудандарында 14 келіден астам гашиш пен 42 келі марихуананы сатуға әрекеттенген екі Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.