Жоғарғы сот төрағасының өкімімен Жоғарғы соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі жаңа судья-үйлестірушілері тағайындалды.
Жоғарғы соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі жаңа үйлестіруші-судьялары тағайындалды
615
оқылды

Жоғарғы сот төрағасының өкімімен Жоғарғы соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі жаңа судья-үйлестірушілері тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

- әкімшілік іс жүргізу бойынша Аслан Тукиев (ЖС Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы)
https://www.facebook.com/aslan.tukiyev?mibextid=LQQJ4d

- қылмыстық сот ісін жүргізу бойынша Еркеш Мәукен (ЖС судьясы) https://www.facebook.com/p/mauken-erkesh-100032626831811/?mibextid=LQQJ4d

- азаматтық сот ісін жүргізу бойынша Марина Боровик (ЖС судьясы) https://www.facebook.com/profile.php?id=61567149705202&mibextid=LQQJ4d

Оларға Коммуникация бөлімімен бірлесе отырып, сот жүйесінде жүргізіліп жатқан жаңарулар, сондай-ақ судьялар мен сот қызметкерлерінің кәсіби қызметі туралы қоғамның хабардар болуын қамтамасыз ету, сот ісін жүргізу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жүктелді.

БАҚ-пен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен өзара іс-қимыл тәсілдерін қайта қарауды талап ететін белсенді коммуникациялардың жаңа шындықтарын ескере отырып, мыналарды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер қойылды:

- БАҚ-қа ашық сот процестеріне қолжетімділік және жабық сот отырыстарында қаралған істер бойынша БАҚ-қа сапалы ақпарат беру;

- үйлестіруші-судьялар мен соттардың баспасөз қызметтерінің біліктілігін арттыру;

- заманауи коммуникациялық құралдарды пайдалана отырып, БАҚ-пен өзара байланыс орнату және т.б.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.