Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген ақ түсті ұнтақ заттар «мефедрон» психотроптық заты болып саналады.
"QR коды бар 5 мың жарнамалық жапсырма тәркіленді": Алматыда пәтерден екі ер адам ұсталды
Фото: polisia.kz
604
оқылды

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде «Дәрмек» жергілікті іс-шарасы кезінде прокуратураның үйлестіруімен есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімі мен Бостандық аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері екі ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«Күдіктілердің бірінің үйін тінту барысында ақ ұнтақ заты бар 156 байлам, есірткі сататын сайтқа арналған QR коды бар 5 мың жарнамалық жапсырма, электронды таразы және қаскөйлер есірткіні бөлшек саудада сату үшін пайдаланған басқа да құрал-жабдықтар анықталды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген ақ түсті ұнтақ заттар «мефедрон» психотроптық заты болып саналады. Бостандық аудандық Полиция басқармасы есірткі заттарын сату дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды», –  деді, Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.