Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Польша президентін құттықтады
330
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуданы Польша Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Президент жеделхатында Қазақстан мен Польша арасындағы байланыстың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, өзара ықпалдастық екі елдің игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірген. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуда мен Польша халқына құт-береке тіледі.