Қалың өрт таңғы 5:00-де басталып, 6:30-да толық сөндірілген.
Атырау облысында анасы мен баласы тірідей жанып кетті
Көрнекі сурет: inform.kz
618
оқылды

Қайғылы оқиға Атырау облысына қарасты Құрманғазы ауданында 5 қараша күні таңғы уақытта болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.

Тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан 66 жастағы кейуана мен оның 35 жастағы ұлы оқиға орнында көз жұмды. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 58 жастағы отағасы және оның 5 жасар немересі күйік және көмірқышқыл газына улану диагнозымен аудандық ауруханаға жеткізілген.

Қалың өрт таңғы 5:00-де басталып, 6:30-да толық сөндірілген.

Жылыту маусымы басталғалы бері Атырауда алғаш рет тіркеліп отырған тұрғын үй өртінің шығуына не себеп болғаны белгісіз.

Баян Жанұзақова