Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қосшы қаласына жаңа әкім тағайындалды
894
оқылды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 11 қарашадағы өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және мәслихат депутаттарының мақұлдауымен Қосшы қаласының әкімі болып Азамат Қапышев тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласының активіне жаңа әкімді таныстыра отырып, Азамат Қапышевтың жоғары кәсіби қасиеттері бар білімді және білікті басшы екенін атап өтті. Жаңа басшылыққа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, соның ішінде сумен қамтамасыз ету, электр және жылумен жабдықтау, инфрақұрылым салаларында бірқатар міндеттер қойылды.

Аймақ басшысы жоспарланған барлық нысандардың уақытылы пайдалануға берілуін жеке бақылауға алуды, сондай-ақ жылыту маусымының сәтті және үздіксіз өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қала келбетін жақсарту, қоқыс шығару мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігі де айтылды.

Географиялық тиімді орналасуды ескере отырып, инвестицияларды тарту, кәсіпкерлік пен туризмді дамыту жұмыстарын жалғастыру қажет. Әлеуметтік нысандарды іске қосу және жол желісін дамыту бойынша белсенді жұмыс күтіледі.

Кездесу соңында Марат Ахметжанов жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда табыс тілеп, Қосшы қаласының бұрынғы әкімі Гайдар Қасеновке атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.