Әскери комиссариат енді олардың оқып жатқаны туралы анықтамасына да қарамайды.
Студенттерді оқуына қарамай әскерге алып кетуі мүмкін
Фото: Қорғаныс министрлігі
7,349
оқылды

Әскерге шақыруға байланысты заңға өзгерістер енгізілуі мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, заң жобасына сай, оқуға байланысты әскерге баруды кейінге қалдыру оңтайландырылмақ. Бұл жоғары оқудың келесі деңгейіне өтпестен әскерге бармау үшін қайта-қайта оқуға түсетіндерге қатысты. Әскери комиссариат енді олардың оқып жатқаны туралы анықтамасына да қарамайды. 

Оқуға байланысты әскерге баруды кейінге қалдыру бұрынғыдай қала береді, ал түзетулер 27 жасқа дейін келесі кезеңге өтпей бір жерде оқитындарға қатысты болмақ. 

Қолданыстағы заң бойынша азаматтар отбасы жағдайына байланысты, білім алуды жалғастыру үшін, денсаулығы сыр берсе, тағы басқа да себептерге байланысты әскерге шақыруды кейінгі қалдыра алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.