Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желідегі парақшасында Қайрат Нұртастың Шымкент қаласындағы концертінен үзінді жариялады.
Еш уақытта көзім тоймайтын шығар: Гүлзира Айдарбекова ұлының ән кеші туралы айтты
Ашық дереккөз
3,404
оқылды

Ол бейнежазбаның астына әсерлі жазба да қалдырған, деп жазады Aikyn.kz.

Әншінің анасы ұлының жанкүйерлеріне ерекше алғысын айтқан. Ал бейнежазбадан ұлы Қайрат Нұртастың өнер көрсетіп, тыңдармандардың ерекше қошеметіне бөленіп жатқанын көруге болады.

"Бүгін Шымқаламда ұлым Қайраттың қатысуымен ән кеші бәріңізге ұнаған сияқты. Ең үлкен бақыттың бірі, рухани байлық халықтың қошеметі мен махаббаты! Бұл көрініске еш уақытта көзім тоймайтын шығар. Алланың берген бағымен ешкімнің таласы болмасын дегендей, осы бақты көтеріп жүру парыз. Аналық жүрегіммен айтар алғысым шексіз және ризамын", - деп жазды Айдарбекова.