Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік климат саммитіне қатысу үшін Баку олимпиадалық стадионына келді, – деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысын Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды.
Президент СOP29 саммитінің пленарлық сессиясында ең бірінші болып сөз сөйлейді.