Алматы қаласы Әуезов ауданының тәртіп сақшылары анықтағандай, жастар түнгі уақытта әрекет еткен.
Алматыда полиция жерасты өткелдерінде есірткі жарнамасын салған “суретшілерді” ұстады
Фото: polisia.kz
232
оқылды

Алматыда полиция жерасты өткелдерінде есірткі жарнамасын салған “суретшілерді” ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы Әуезов ауданының тәртіп сақшылары анықтағандай, жастар түнгі уақытта әрекет еткен. Олар кең көлемді платформаларды, көбінесе өткелдердегі бетон қабырғаларды пайдаланды. Күдіктілер ұсталып, прокуратураның үйлестіруімен қамауға алынды. Есірткілерді насихаттау және жарнамалау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

– Күдіктілердің бірі – 18 жаста, екіншісі – 22 жаста. Екеуі де басқа жақтан келгендер, Алматыда тұрақты жұмысы жоқ. Ұсталғандардың айтуынша, олар “оңай ақша табуды” интернеттен тапқан. Олардың “жұмыс берушілері” міндетті түрде анықталып, жауапқа тартылатын болады, – дейді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев. Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының айтуынша, жыл басынан бері полицейлер 37 есірткі сатушыны ұстады. Есірткі сатуды насихаттаған 451 интернет-ресурс бұғатталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.