Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы
«Драматургия» номинациясы: Асқар келген жоқ па?
177
оқылды

Бүркеншік аты: Сауран

Асқар келген жоқ па?

Үш бөлімді драма

Кейіпкерлер:

Анар57 жаста. Сая мен Жандостың анасы. Қалалық ауруханада медбике.

Сая32 жаста. Музыка пәнінің мұғалімі.

Жандос29 жаста. Жұмыссыз.

Еркін 28 жаста.Саяның күйеуі.

 

Бірінші бөлім.

 

Анардың қала маңындағы үйі.

Анар ас бөлмеде таңғы ас дайындап үстелдің үстін реттеп жатыр. Кеше үйде қонақтар болғаны көрініп тұр. Заттарды үстелдің үстіне қойып шәй қайнатқышты тоққа қосады. Барлық заттарды реттеп болғаннан кейін шәйнектің қызғанын тексереді, тоғын шұқылап көріп, қақпағын ашып шәйнектің істемейтініне көзі жетеді де бірден.

АНАР. Ескен! Мына бәлең қайта бұзылып қалды! Көзін құртам болды......

Соңғы сөздері аузынан сенімсіз шығады. Айналасына біреуді іздегендей қарайды да,  ақырындап орындыққа отырады.  Бетін қолымен жауып сал кідіреді де кеңкілдеп жылай бастайды.

Бірер уақыттан кейін бөлмеге Сая кіріп келеді.

САЯ. (Басында анасының жылап отырғанын байқамай, бөлмеден жейтін бір зат іздеп) Тууу денемнің барлығы ауырып тұр. Қанша адам келіп кетті өзі. Келіп жатыр кетіп жатыр.... мама шәйді әлі қоймағансыз ба? ... мама? Мама?! Не болып қалды. Таң атпай жылаған несі. Мама.

АНАР. ( Дереу көз жасын сүртіп) Ешнәрсе қызым. Жәй.... Полкадан үлкен шәйнекті алшы, газға қоймасақ мынау істемей қалыпты.

Сая шәйнекті алып береді де Анасына тесіліп қарап қалады.

АНАР. Не қарап отырсың... шақырмайсыңба үйдегілерді.

САЯ. Мама....

АНАР. Не?

САЯ. Бәрі дұрыс па ?

АНАР. Иә

САЯ. Онда неғып ?

АНАР. Қызым....

САЯ. Неге жылап отырдың ?

АНАР. (Ашуланып) Неге несі тағы. Әкең өлсе не күлуім керек па?

САЯ. Жоқ бірақ ....

АНАР. Не бірақ  ?

САЯ. Әкем қайтқанына міне бір жетіден асты, қиын болса да әйтеуір ..... жүрміз. Бірақ сіздің .... жылап отырғаныңыз бүгін ғана.

АНАР. ( Шәйнекті тазалап болып ) Мә мынаған су толтыр.

Сая су толы шәйнекті анасына береді  

АНАР. Сендердің барлықтарың үшін мен тас жүрекпін ғой.

САЯ. Қайдағы тас жүрек мен ...  

Бөлмеге Жанжос пен Еркін кіріп келеді. 

ЖАНДОС. .... сөйтіп жақсы бағаға өткізіп бердім аналарға. Тегі қатты риза болып кетті, ой тура деген - Аға сен мұның бәрін қайдан білесің ей!  деп.  Жоқ деймін да, сонда білмейтін емес бар ғой бәрі мында(басын нұқып), қулық та бар тек сол бір жарытпай жүрік емес па. 

ЕРКІН. Нені сонда ?

ЖАНДОС. Білмейм... бір бақ па, сәт па ....осы  қанша жыртылсаң да кейде ешнәрсе өндіре алмай қоятын кездер болмайма сенде?

Еркін : Енді ....

САЯ.  Оған өндіру үшін хотябы жыртылып, көру керек.

Еркін бұл сөзге намыстанбай күліп қана.

ЕРКІН. Иә Жәке біздікі тек әншейін ғой .... келіңіз отырыңыз.

Барлығы дастархан басына жиналып таңғы асты іше бастайды.

АНАР. Асқар қайда ?

САЯ. Ол үйде қонған жоқ.

Ана: Онысы қалай, қайда кетті сонда?

САЯ. Кеше сабағынан хабарласып бармасам  болмайды деп. А   айтпақшы анама айт ренжімесін, үлгерсем жұмыстарымды бітіріп кешкі автобуспен қайтам деген.

ЖАНДОС. Жатақханада тұрып жатыр ма ол?

САЯ. Жоқ пәтер жалдайды.

АНАР. Жаным сол ....

ЖАНДОС. Оның пәтеріне кім төлеп жатыр ?

САЯ. Өзі ?

ЖАНДОС. Қайтіп ?

САЯ. Жұмыс істеп

АНАР. Жаным сол шаршап жүр өзі.  Сабақтан шығып сменга түседі.

ЖАНДОС. .... Қазір тас шайнайнайтын кездері ғой ... дұрыс

САЯ. Алып берген ыдыс жуғышын айтсайшы ( Ас бөлмесінде тұрған ыдыс жуғышқа қарап)  Айтпақшы алдында маған жаңа футляр алып бергенін айттым ба мама сізге. Еркін айтшы саған да бір зат берді ғой деймін?

ЕРКІН. Ия. Кітап.

ЖАНДОС. Кітап?

ЕРКІН. Иә жаңа шыққан.

ЖАНДОС. Ааа..

САЯ. Жандос универі сенің үй жағыңда болса керек. Келіп тұра ма өзі?

ЖАНДОС. Қайдағы. Оларың қалада жүріп бір АҒА деп жолыққанды да білмейді.

АНАР. Уақыты болмайтын шығар.

САЯ. (естілер естілмес кекеткен дауыспен) Аға дейсің ба?....

ЖАНДОС. А?!

АНАР. Ешнәрсе жандос тамағыңды іш.

ЖАНДОС. Ағасы болмай не болыпты ?

САЯ. Ешнәрсе болған жоқ, сенсің ағасы, болды қойшы.

ЖАНДОС. Өйтіп жұбатпаяқ қойыңдаршы құдай үшін. Бәрің бірден...

САЯ. Қойшы болды Жандос. Ешнәрсе айтқан жоқпын. Қалада жүрсең де бір тиын тебеніңді беріп .... өзің аға болып демеп тұрсаң болушы еді ғой ....

ЖАНДОС. Өздерің бастамай тұра алмайсыңдар осы. Қашан келсеңде. Әкемнің қайтқанына қырқы да болған жоқ, сендер сол баяғыша.

САЯ. Акең бола қалыпты ғой тегі ....

АНАР. Сая!.. Болды ...Тоқтат... (Енді сөйлейін деп жатқан Жандосқа) .. сенде

Барі тынышталып шәйлерін іше бастайды

АНАР. Сая мектепте Жұмысың қалай ?

САЯ. Бәрі бұрынғыдай.

ЕРКІН. Жақында бір оқушысы халықаралық конкурстан жүлде алып келді. 

АНАР. Шынба ?

САЯ. Иә.

ЕРКІН. Варшавадан.

АНАР. Бас жүлде ма?

САЯ. Жоқ екінші орын.

АНАР. Сол жүлделерден сендерге бірнәрсе бере ма?

САЯ.Жалақымнан басқа маған не беруші еді ана бірақ кейде кішігірім сыйлықтар болмаса, оқушыңның ұятына байланысты.

ЕРКІН. Сая ... еңбегіңді әлемнің арғы бетінде бағалап жатса ұятты не қыласың..

САЯ.   Мен тек кейде болмаса өз жұмысыма ренжімеймін. Артымнан не қалары жайында көп ойланбаймын.

АНАР. Айтпақшы... ұмытып кете берем. Жандос сенің үйіңде құрал жабдықтарың бар ма?

ЖАНДОС. Қандай құрал жабдықтар?

АНАР. Ой, ана, үйдің жұмыстарына. Әкеңнің заттарын айтам. Жұмысқа тасып жүруші еді ғой.

ЖАНДОС. Мен оларды не қылам.

АНАР. Білмеймін ғой.

ЖАНДОС. Электрик бол дейсіз ба маған, онда маған да ішіп бастау керек қой.

САЯ. Жандос!? Не Айтып тұрсың сен ?

ЖАНДОС. Не айтып тұр  екенмін ?

САЯ. “Ішіп” деп кімді айтқың келді?

ЖАНДОС. Енді ...

САЯ. Не енді ?

ЖАНДОС. Электриіктер көбісі ... ішедд ... ғой. ( Өзінің байқамай әзілдегенін енді түсінгендей)

САЯ. Сүмелек. Туған әкеңнің артынан айтатын сөзің осы ма? 

АНАР. Сая қойшы болды неғыласың..... Мүмкін Асқар алар.. Бірақ ол бұларды не қылады.

ЖАНДОС. Асқар ....  Әке...... Не бәрің  қанымды ішіп кеттіңдер? А?!  

Деп далаға шығып кетеді.

Пауза

ЕРКІН. Тате жаңағы заттар қайда? Мен көрейінші.

АНАР. Иа жаным ана ненің астында.

Еркін ішінде саймандары бар қорапшаны алып шығып ішіндегіні қарай бастайды.

ЕРКІН. О! Мыналар деген керемет саймандар ғой. Қазір таба алмайсың...

САЯ. Не қыласың Еркін оны. Қойшы.

АНАР. Жоқ. Қажетіне жарайтын болса алсын. Шаң басып жатқаннан гөрі. Шаруаға жараса.....шәйлеріңді  ішіп болсаңдар тұрайық.

Барі ас қайтарып тұрып үстелді реттестіре бастайды.

САЯ. (Үстелді жинап жатып Еркінге әзілдеп) Иә мастер... Үйдегі кір жуғышты қашан жасап бересіз? Үйде бұзылған зат қалмай қалатын болды ғой ...

Үшеуі де әзілдесіп күле бастайды....

 

Екінші бөлім.

 

Есік алдындағы верандада Жандос пен Еркін темекі шегіп тұр. Жандарында көршілерден алынған бірнеше орындықтар бар.

ЖАНДОС. Жаңағыға мән бермей ақ қой. Біз басымыз қосылса ырылдаспай тұра алмаймыз.

Еркін үндемейді.

ЖАНДОС. Осы үйде жақсы кездер де болды. Кішкене кезімде даладан ойнап келіп балшық балшық аяқ киіммен үйге кіре кеткенде Сая желкемнен қуып жүріп ұратын. Сонда да қоймайтынмын.... еее ... әкең ішкіш анаң күні бойы жұмыста болса жалғыз қалатын осы Әпкем еді, енді не болғанын білмеймін. Түсіне алмаймыз бір бірімізді.

Еркін үндемейді. Тек тыңдап отырғанын білдіріп басып изеп қана қояды.

ЖАНДОС. Сен өзі не жұмыс істейсің?

ЕРКІН. Қала мен ауылдын арасында адам тасимын.

ЖАНДОС. Аа Такси ма.... Ол да кәсіп қой.....

ЕРКІН. Өзіңіз?

ЖАНДОС. Менің істемейтін жұмысым жоқ. (күліп) Құрылыста болдым. Базарда сауды жасадым. Компанияларда. Айта берсең көп.... Қазір енді сол өз ісімнің  бастасам деп жүрмін.  (Ары бері жүріп үйге ойланып  қарап тұрып)  Жақсы бір салым керек болып тұр. Сосын ары қарай шыр айналдырып әкетем. (Арманшыл түрмен) Астыма джип мініп алып ауылға келіп тұрғанда ешкім танымай қалатындай..... А?

ЕРКІН. Дұрыс қой. Ебін таба білсеңіз...

ЖАНДОС. Өй неге таппайсың. Қорықсаң жүре бересің. Аласың, оборотқа саласың. Аласың, қайта саласың. Басатын кезде басасың. Жұлатын кезде жұласың. Сосын ақырында ешкімге жоғарыдан қаратпайсың, Басыңнан сөз асырмайсың.  Кімнің кім екенін біліп жүретін болады сонда. А?

ЕРКІН. (Біраз үндемей тұрып) Алғашқы салымды енді қалай табатын ойыңыз бар?

ЖАНДОС. (Үйге жалтақтап) Оны ойлап қайтесің. Табылады....(Темекісін тастап) ана мамасының сүйіктісінің келетін ойы жоқ қой. Жүр мына соңғыларын апарып тастайық тездетіп.

Екеуі бірнеше орындықтан алып кетеді. Есік алдына Сая мен Анар шығады.  Қолдарындағы кішкене кілемді екеулеп қағып бүктейді. Шаршаған демін басу үшін екеуі отыра кетеді.

САЯ. Көп па әлі?

АНАР. Жоқ.... Бітіп қалды. Асқар хабарласқан жоқпа?

САЯ. Жоқ.

АНАР. Кешкі асқа келіп қалатын шығар.

САЯ. Келсе ертең соны жұмысайсыз. Мені жұмысқа баруым керек. Бармасам тағы сағаттарымды қысқартып тастайды.

АНАР. Жұмысың неге сонша көп?

САЯ. Енді, немереңіз өсіп жатыр ғой.

АНАР. Айтпақшы оны неге алып келмедіңдер? Сондай сағынып жүрм. Байқұс есін білмей жатып атасы кетіп қалды.  Есінде қалмайтын да шығар.

САЯ. Ауыл суық. Ауырады деп алып келмедік.

АНАР. Ауырмай ақ өсірдік қой сендерді де.

САЯ. ӨсірДІЗ

АНАР. (Қызының сөзіне таңырқап)Әкең жайлы олай айтпа. Акеңнің тірі кезінде де жарылқамаған едік. Сондай....(бір сипаттама тапқысы келеді бірақ аузына сөз түспейді)...болғаны үшін жек көретінмін..... тіпті ажырасқымда келетін... бірақ ..... Осынша жыл әкелеріңе неліктен сонша өшіккенімді қазір түсінбеймін. Қайтқаннан кейін де кетіп қалғанына ызаланғандай болдым. Жыламадым. Енді.... Білмеймін Сая не істейтінімді.... ( Дауысы дірілдеп жылағысы келіп)

 САЯ. Мама (Біраз құшақтап отырады да, ойын басқа затқа бұрғысы келіп) Мама..... Немереңіз не дейді білесіз ба? Маған қарап – Мама Әжем де сен секілді әдемі боды ма? дейді. – Иә десем – Онда сен де кейін әдемі әже болып қартайшы жарайма дейді ( Екеуі күлісіп)

АНАР. Жаным менің. Балабақшасына барып жүр ма? Бұрынғыдай жиі аурғанын қойды ма ?

САЯ. Иа қазір жақсы.

АНАР. Сендерге жылы үйге көшу керек..... Анауың... әлі сандалып жүр ме ?

САЯ. Санадалмаса да жүр ғой әйтеуір.

АНАР. Жұрт құрлы тірлік істейтін ойы бар ма өзінің?

САЯ. ... Мама қойыңызшы .... қолынан келгенін істеп ақ жүр ғой.

АНАР. Сол қолынан келгені сені мен балаңды далада қалдырып жүрмесін әйтеуір.

САЯ. Ол өзіміздің жұмысымыз.

АНАР. Сенің де жүрісің анау күні түні консерваторияда. Баланы мынауыңа тастап. Мұны айтамын да осы. Үйге алып келіп таныстырған кезде қатты ұнаған...  жап жақсы жігіт, ойы түзү қазір де жаман айта алмаймын, бірақ неге іске жоқ екенін .... іске жоқ дей де алмайсың .... қарап тұрсаң бәрі келеді қолынан. Әкеңе талай келіп мына үймен көмектескен. Білмейм неге... бір... талпыныс... жігер жоқ па...

САЯ. Бай болу мақсат дейсіз ба. Оны ойлап басыңды қатырмаяқ қойшы мама.

АНАР. Ей бопты. Өз өмірің ғой.

САЯ.Иә

АНАР. Жұмысың қалай, шаршап жүрген жоқсың ба ?

САЯ. Керісінше. Осы жұмысқа айналып. Оқушыларымның арасында жүрсем көп затты ұмытып кетемін. Жарыстарға барамыз. Білгенімді үйретем. Ойнаймыз... күлеміз.... музыканын рахатын түсініп тыңдай алған кездегі түрлерін көрсеңіз... тура бір жаңа әлем ашқандай....... Шын мама, жұмыста да үйде де, тіршіліктің  қамы емес ... жақсы көре алудың қамын ойлау керек. Сіз Еркінді әлі білмейсіз. Мейлі үйге мөшектеп ақша алып келмесе де ... қызын қалай жақсы көретінін көрсеңіз ғой.... менің ойнаған әрбір затымды тыңдағысы келеді.....

Сая сөзіне айналып жатқанда Анасының жылап жатқанын байқамай қалады.

САЯ.Не болды сізге. Мама. Өмірімде сіздің жылаған кездеріңіз есімде жоқ.

Бір күнде үшінші рет. (Уйден су алып келіп береді)Болды. Болды.

АНАР. Ана су қайнатқыш ...

САЯ. Оған не болыпты

АНАР. Әкең барда бұзылған сайын соған айтатынмын....

САЯ. Не болыпты енді (өзі де жыламсырай бастайды)  қойшы болды. Одан жақсысын алып берем саған. Болмаса Асқарың бар ғой жаныңда . Әкемізді жақсы көре алатын сол еді тірісінде, жаны қалмай.  Қойшы мама. Әкеміз қандай болса да .... мен.... қазір ... білмеймін мама....  оны тірісінде неге қазіргідей жақсы көре алмадым...

АНАР. (Сәл жылап отырады да бірден есін жиып) Болды, қойшы қызым. Жүр әлі жасайтын заттар көп. Асқарым келгенше үйді жинап тастайық. Тамақ жасау кереке әлі. Болды жүре ғой.  

Екеуі үйге кіріп кетеді.

 

Үшінші бөлім.

Кеш

Ас ішетін бөлмеге Сая мен Еркін кіріп келеді.

САЯ. Шаршадың ба?

ЕРКІН. Жоға. Жаңа әпкеме хабарластым барі жақсы дейді.

САЯ. Тамағын ішіп па ?

ЕРКІН. Иә, Жақсы ішті дейді.

САЯ. Ертен мені апарып тастай аласың ба таң ертең? Сабақтарым бар ед.

ЕРКІН. Иә, бұйырса. Мамаң ренжімейді ма?

САЯ. Жоқ барлығын түсіндіріп айттым. Оған қоса Асқар да келіп қалар.

Екеуі дастарханды кешкі асқа дайындай бастайды.

САЯ. Жездекең қалай? Әңгімесін тыңдап шаршаған жоқсың ба ?

ЕРКІН. Жоқ. Үйреніп те қалдым.... Айтпақшы ....Сая ...мына үй кімнің атында?

САЯ. .... Әкеміздің атында болған..

ЕРКІН. Оны сатайын деп жатқан жоқсыңдар ма?

САЯ. Қайдағыны айтпашы Еркін. Сатқан несі? Не болды не үшін сұрадың?

ЕРКІН. (Күліп) Ешнәрсе. Тек бағана Жандоспен сөйлескенде ....

САЯ. Бірнәрсе деді ма?

ЖАНДОС. Нақты ешнарсе айтпады. Жаңа іс бастаймын салым керек дегендей болған.

САЯ. Салымы несі тағы.....Енді қалғаны сол еді. Анам өзі әрең жүргенде.... Осы ағамды ақ есін жидырта алмай қойдым... Өмірі осы, сөздерін естісең тау қопаратындай болады кейде шынымен қолынан бірнәрсе келеді ма деп қаласың, шын, талай рет бір затты істегелі жатыр екен, керемет екен деп барлығымызды семіртіп алады да бірер күннен кейін, өзі де жоқ, бастаған ісі де жоқ. Не біреулерге алданады не бәрін  құртып тынады тек ішпей жаны қалып жұр осы....

ЕРКІН. Не болар дейсің енді

САЯ. Ешәрсе де болмайды. Ол үйді өлсе де алмайды.

ЕРКІН. Осы жанжалдарыңды кейінге қоя тұрсаңдар қайтеді Мамаңың хәлі қазір ондайды көтеретіндей болып тұрған жоқ секілді.

САЯ. Таңеретең .... Ас үйге келсем жылап отыр екен.

ЕРКІН. Мамаң ба?

САЯ.Иә

ЕРКІН. Шын айтып тұрсың ба?

САЯ. ..... (Еркінге әзілдеп тұрған жоқпын дегендей қарайды. )

ЕРКІН. Анаң маған қамал секілді берік сыр бермес көрінетін еді. ....

САЯ. .... Қамал дейсің ба? ....

ЕРКІН. Не болды?

САЯ. Әкемнің тірі кезіндегі Анам емес секілді қазір ....

ЕРКІН. .....

САЯ. Анам Әкемді жақсы көретініне сенбейтінмін. Бірақ қазір мына түрін көріп.

ЕРКІН. Неге?

САЯ. м?

ЕРКІН. Неге жақсы көретініне сенбейтінсің ?

САЯ. (орнынан тұрып әңгімені жалғастырғысы келмей) Көп қой. Бітпейтін ұрыс, кінәләу, арақ.

ЕРКІН. Сенші?

САЯ. Не мен?

ЕРКІН. Әкеңді жақсы көрдің ба ?

САЯ. (Қуанышсыз күліп) Сұрағың қызық естіледі екен.  

ЕРКІН. ...

САЯ. Білмейм... жақсы көрген шығармын. ... жоқ  “шығармын” емес жақсы көрдім.

Сая Еркінге қарап.

САЯ. Ертен біздің қызымыз бізді “жақсы көрген шығармын” десе. Біз оны білмей өліп кетуіміз де мүмкін ғой Еркін?

ЕРКІН. ( Бір зат айтқысы келеді, бірақ сөз таба алмағандай кідіреді, тек үнсіз Саяның көзіне қарайды)

САЯ. Жоқ шынында .... Ол көп ішетін .... үйге бір тиын алып келмейтін .... жоқ болып кетеді. Кім біледі, тіпті басқа әйелдерге де барып жүрген шығар..... бірақ ....

Оны қатыгез деп айта алмаймын Еркін. Кейде бір кездер болып тұратын.... Сондай мейірбан, жылы болып кететін.

Еркін Саяны келіп құшақтап жұбатады.

Бөлмеге Анар кіріп келгенде Сая ақырын байқатпай Басқа бөлмеге кетіп қалады.

АНАР. Қайда кетті ана қыз?

ЕРКІН. Телефонын қалдырып кетіпті.

АНАР. ммм

Пауза

ЕРКІН. Мама...

Анарға бұл сөз жат секілділеу болып қалады

АНАР. ау

ЕРКІН. Білемін сіз қызыңызды уайымдайсыз. Менің осылай жүргенімнен олардың жағдайы жайында да ойлайсыз. Оның барлығын білем. Мама бірақ Мен сіздің қызыңызды жалғыз қалдырмаймын. Сол үшін маған сеніңізші.

АНАР. Еркін сен жақсы адамсың. Қызымды уайымдасам да ол сенімен қосылғанына  мен өкінген емеспін. ( Деп Еркінге жылы жүзбен қарайды)

Бөлмеге Жандос кіріп келеді.

ЖАНДОС. Тамақ дайын болайын деді ма? Жұмыс жасап қарын да ашты.  Ауылды сағынып  қалыппын. Жақындарымды көріп.... Неге осында тұра бермегенмін.....  Ұй бар,  жұмыс та табылар еді. Тіпті болмаса электрик те болушы едім. .. (Анасына қарап) Бағанағыма ренжімеңіз. Мен не демеймін.

АНАР. Отыр кел.

(Анар тарелкаларды қойып тамақ сала бастайды)

АНАР. Сая! Тамаққа кел!

ЖАНДОС. Баяғыда мені өстіп шақырушы едіз ғой даладан.

Сая түпкі болмеден күлімдеп келеді. Барлығы дастархан басына отырады. Енді тамақты ішіп бастап жатқанда Анар тоқтап қалып.

АНАР. Бата жасайтындарың жок па еді?

Жандос пен Еркін бір біріне қарайды.

САЯ. Өзіңіз жасай беріңіз.

Анар бір заттарды сыбырлап айтады да бәрі әмин деп тамаққа кіріседі.

ЖАНДОС. Мағжанның әйелі босаныпты ғой.

АНАР. Білмеуші ма едің?

ЖАНДОС. Жоқ, бағана магазиннің жанынан көріп қалдым. Келін болып түскенде  жардай еді, қазір шидиіп арықтап кетіпті.

САЯ. Жардай дейсің. Сол қыз емес па ауылда бырлықтарыңды дүрліктіріп. Арман болған.

ЖАНДОС. Дүрліктіретіндей ешнәрсесі жоқ.

САЯ. Қойшы тегі.... Калай еді әлгі .. ( бір затты есіне түсіргісі келіп) туу

ЕРКІН. Не қалай еді?

САЯ. Қазір... (Жандосқа) аты кім еді?

ЖАНДОС. Оны неғыласың.

САЯ. Жооқ қазір. Раушан ба едііі Рауғаш па едіі

АНАР. Рауғаш несі тағы.

ЖАНДОС. Райхан.

САЯ. Аа! Иә! Райхан.  Қазір...

Сая ақынның  образына кіріп.

 

Сезімімді түсіндірсем мен саған

Жалған емес ұнайтының сен маған.

Жүрегіме ем болатын жалғыз гүл

Райхан деп аталысың сен ғана

Ізгі сезіммен Жандос.

 

САЯ. Әлі есімде. Сенің сол хатыңды тауып алып. Күләштермен қосылып оқып әбден күлгенбіз.

ЕРКІН. ол қалай есіңде қалып жүр?

САЯ. Есімде қалмай қайтсін. Ініңнің өмір бойына жалғыз шығарған өлеңі.

Жандос барлығымен қоса күліп.

ЖАНДОС. Сөйтсем Райхон деген гүл емес емдік шөп екен. 

Барлығы бір ширап қалғандай болады

АНАР. Мағжанның өзімен жолықтың ба ?

ЖАНДОС.Жоға. Кеше көңіл айтып келгенде ғана көрдім.

САЯ. Неге бармайсың үйіне?

ЖАНДОС.Неғыласың..

САЯ. Неге ? Жақын досың ғой? Манағы келінін де бірге түсірдіңдер емес па?

ЖАНДОС. Өй, оның тойында бас аяғына дейін мен жүгіріп жүрдім ғой..

АНАР. Осы Мағжанмен не ұшін ұрсыстың? Есімде жоқ....

ЖАНДОС. Ақша ғой сол баяғы мама.

АНАР. Жап жақсы жігіт. Ауылда кәдімгідей сыйлы...

САЯ. Сыйлы болмай қайтсін .... мыңғырған малы бар. Ағасы әкім болып отыр....

ЕРКІН. Сая. Қойсаңшы....

АНАР. Сонда да негізі жаман жігіт емес....

ЖАНДОС.Оны дұрыс танымайсыз ғой сіз.

АНАР. Мүмкін... Әйтеуір әкесі жақсы кісі болатын.  Өткен қыста әкемнің қарындасы деп біздің үйге көмір түсіріп берген....

ЖАНДОС. Көмір түсіріп берсе жақсы адам бола қалама сонда.... ондайларға сенбеу керек.

САЯ. Ауылда әйтеуір бәрі мақтағыш қой .... ұл ма екен?

ЖАНДОС. ( ойланып кетіп) ... Не ұл ма екен ?

САЯ. Мағжанның әйелін айтам. Не босаныпты дейм?

ЖАНДОС. Білмеймін. Сұраған жоқпын. ...

АНАР. Жандос ...

ЖАНДОС. Ау мама

АНАР. Сенің ше ?

ЖАНДОС. Не менің?

АНАР. Келінді айтам. Қарайлап жүрген қыздарың жоқ па ?

ЖАНДОС. Қыз көп қой мама. Тек менде уақыт жоқ оларға. Оның үстіне дұрыстау жерге түсіру керек. Әйтпесе қыз табылады ғой.

САЯ. Табарын табасың ғой бірақ, алдындағыдай Жұлдыз дегендеріңді алып келіп жүрме.

ЖАНДОС. Жұлдызда не шаруаң қалды осы?

САЯ. Менің еш шаруам қалған жоқ, мен емес қой онымен тұратын.

ЖАНДОС. Жұлдыз кететін жеріне кетті.

АНАР. Балам әке шешесіне қарайлап,жақсы жердің ізетті бір  қызы болса....

ЖАНДОС. Уайымдамашы мама. Мен шатаспаймын.  Осыдан сізге мынадай келін алып келіп берем. Ауылдың бәрі сүйсінетін болады. Рауғаш Раушандарыңнан жақсы. Қорықпаңыз МЕН дұрыс таңдау жасаймын, шатаспаймын.

Соңғы сөздерін Саяға қарап сөздеріне басқашалау  мағына салып айтады. Оның Саяның Еркінді таңдауы қателік болған дегенге көбірек келеді.

Сая Жандостан көзін алмай қарап.

САЯ. Сен дұрыс таңдаулардың шеберісің ғой.

ЖАНДОС. Не демекшісің сонда ?

Сая енді сөйлей берейін деп еді. Еркін оның қолынан ұстап «не қыласың анаңды ойла»  деген көзбен қарайды.  Сая өзін қолына алып.

САЯ. Ешнәрсе. Жандос.  Тек Мамама қарайласатын қыз алып келсең болды.

АНАР. Асқар неге келмей жатыр?

САЯ. Бағана хабарласып едім. Әлі шықпадым деді. Жұмыстары әлі бітпеген болу керек.

АНАР. Еркін, Саяны ертең сен апарып тастайсың ба ?

ЕРКІН. Иә, Таң ертең.

АНАР. Жандос сенің жұмыстарың жоқ па еді?

ЖАНДОС. Жоға мама, менің бар жұмысым осында.

Сая мен Еркін бір заттан сезіктенгендей бір біріне қарайды.

Барлығы тағы біраз үнсіз шәйлерін ішіп отырады.

ЖАНДОС. Мама осы үйдің салынғанына қанша жыл болды?

АНАР. Нақты қашан екені қазір есіме түспейтін де шығар.... сенің әпкең үш жаста болғанда келдік қой деймін.

ЖАНДОС. Бұл үйдің де тозығы шығайын деді.

САЯ. (Жандос бір бүлікті бастағалы отқанынан сезіктеніп) Жаңасын салып бермедің ба енді?

ЖАНДОС. Не болыпты? Салып та берермін бұйырса.

АНАР. Үйлерің  қажеті жоқ. Өздеріңнің жағдайларыңды жасап алыңдаршы алдымен.

ЖАНДОС. Жоқ мама осынша жыл, біз үшін белің бүгілгенше жұмыс істедің. Біздің де кезек келетін шығар.

САЯ. (Күледі)

ЖАНДОС. (Саянын күлгенін байқап) Осы үйде бәрінің көңілін қалдыратын мен ғанамын ғой дейм осы.

АНАР. Қайдағыны айтпа. Көңілім ешқайсысыңнан қалмайды. Сен болып .... ана Асқар болып менің жанымда жүрсеңдер сол жетеді.

ЖАНДОС. Асқаррр Асқарр...

САЯ. Не болды?

ЖАНДОС. Ешнәрсе тек.... Менің де атымды солай атай алмайтыныңыз қызық.

САЯ. Жандос бастамашы

ЖАНДОС. Нені бастамашы?

САЯ. Кішкентай бала секілді сені де жақсы көрсе дейсің

ЖАНДОС. Мені жақсы көрмей ақ та қойыңдаршы ...

САЯ. Әне қайтадан ренжігеніңнің өзі бала сияқты

Жандос үстелді бір соғады.

ЖАНДОС.Осы үйге келгенде қашан бір тып тыныш ешкім мін тақпай өзімнің «отбасыма»  келгендей боламын ?! Кусырайып отырасыңдар да әйтеуір мені сынайсыңдар.

Менің осы жыртылып жүргенімнің барлығы сендер үшін шығар!

САЯ. Ойпырмай, керемет жыртылып жүрсің.

ЖАНДОС. Әне, осы. Баяғыдан бері еститінім осы. Қолыңнан келмейді, таста ұрынасың. Осы кейде сол заттардың іске аспағаны осы сендердің кінәларың да шығар.  Кім сенеді маған а? Сендер сенбесеңдер? Осы бейшара болып тұрмасақ екен. Көтеріліп маған бір мақтанышпен қараса екен дейм, жоқ бұлардікі тек кінәләу... Ауылда жүргенде кеудемді тік көтеріп жұргім келеді ешкім үшін ұялмай...

АНАР. Жап аузыңды. Әкеңді аузыңа да алма.

ЖАНДОС. Мама қашаннан бері әкең әкең дейтін болғасыз? Әкемді ең бірінші болып жерден алып жерге салатын сіз едіз ғой. Сіздің сол өштесуіңіз кейін бізге де жұқты. Қандай болса да, не істесе де ол жаман әке болған жоқ. 

САЯ. Сен өзің айтып отқан сөзіңе өзің сенбейсің Жандос. Сенде әкемізге жетістіріп қарамайтынсың. Балам десе де, жиіркеніп кері итеретінсің. Осында отырғанымыздың ешқасысымыз шын түсініп көруге тырыспаған... (пауза) Асқар ғана болмаса....

Анар жылай бастайды

ЖАНДОС. Жылама Мама. Көресің мама сені бағатын мен боламын.

САЯ. Сен ба бағатын. (Еркінге қарайды)

Еркін  Саяға  Жоқ дегендей қарайды.

ЖАНДОС. Иа, Мен бағатын?!  Көресің әлі. Мына жұмысымды бастасам....

САЯ. Сондағың үйді сатып бағайын дедің ба ?

ЖАНДОС. ... Не ?

САЯ. Өтірік  түр жасамай ақ қойшы. Үйді сатып тағыда бәрін жоқ қылу ғой сенің ендігі ойың.

АНАР. Сая, сен не айтып кеттің?

Жандос екеуіне абдырап қарап тұрады да, күліп жібереді.

ЖАНДОС. Әй есуастар ай. Бәсе. Менен сондайдан басқа не күтесіңдер. Көшеден тауып алып өмірі жалтақтап, бір қулық жасап қоймаса болды деп қарап жүретін бала болдым ғой сендерге. Таң қалып тұрған жоқпын.

САЯ. Өтірік кері бұрмаяқ қой әңгімеңді. Өтпей қалып еді енді бізге жабайын деің ба кінәні?

Жандос бөлмеден шығып кетеді де басқа болмеден портфель алып келеді. Портфельдің ішінен бума ақшаларды шығарып жатып.

ЖАНДОС. Байыңнан бір іс бастаймын, соған салым керек дегенді естіп алғансың ғой. ( Ақшаларды көрсетіп) Міне мынау алғашқы салым, осы уақытқа дейін өліп жинап жүрген. Мені тапқанымның бәрін ауаға құртады деп жүрдіңдер. Сендер үшін осының бәрі.  Мынадан кішкене  қалдырып мына тозған үйге ремонт жасатсам деп едім. Жоқ ондай жақсы заттарға менің жаным тым қатал ғой..

АНАР. Жандос, болды, доғар. Кешір мені. Бірақ Жандос мен сен жайлы сен ойлағаннан жақсы  ойдамын әрқашан. Саған іштей сенетінмін. (Саяға қарап)  Бәріңе.  Ешқайсысыңнан менің көңілім қалмақ емес. (Жылағысы келіп) Сендердің осындай болып өскендерің. ...(Жылап жібереді) тіпті осы жақсы мінездерің сендерге әкелеріңнен берілген. Ол қандай болса да артындағы мына сендер.  Мына сендер оның өмірінің ақтауысыңдар...

Барлығы келім Анарды құшақтайды. Сол кезде даладан бір дыбыстар шығып біреу есік қағады...

Соңы.