Толқын жағаға шығарып тастаған итбалықтардың саны әлі де көбеюі мүмкін.
Каспий жағалауынан табылған итбалық өлексесінің саны 700-ден асты
259
оқылды

Маңғыстау облысында Каспий жағалауында қырылған итбалық өлексесінің саны 734-ке жетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кейінгі үш күнде Сайын Шапағатов ауылынан Сығынды мүйісіне дейінгі аралықта 137 итбалықтың өлексесі табылған болатын. Бүгінде аумақтағы зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр. Толқын жағаға шығарып тастаған теңіз сүтқоректілерінің саны әлі де көбеюі мүмкін.

Қазақстанның Қызыл кітабына енген итбалықтардың жаппай қырылуы 24 қазанда Түпқараған ауданы жағажайында тіркелді. Гидробиология және экология институтының мамандары оқиға орнына барып, теңіз суы мен итбалық өлекселерінен сынама алды. Зерттеу қорытындысы әзірге жарияланған жоқ.

Теңіз жағасынан табылған итбалық өлекселерінің көбі бүлінген. Яғни, сынама алуға жарамайды.