Талаптарды қанағаттандыру үшін негіздердің толық тізбесі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодекстің 75-бабында көзделген.
Қуандық Бишімбаев балаларының тегін өзгертуге келісті
Фото: t.me/Jogargy_sot
612
оқылды

Астанада азаматтық некедегі жары Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру ісі бойынша сот отырысы өтті. Бұл туралы Астана соты мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Назым Қахарман балалардың әкесінің қылмыстық жауаптылыққа тартылуын және қоғам тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарында жағымсыз жарияланымдар салдарынан психологиялық ыңғайсыздық сезінетінін көрсете отырып, үш баланың әкесін ата-ана құқығынан айыруды сұраған. 

Талаптарды қанағаттандыру үшін негіздердің толық тізбесі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодекстің 75-бабында көзделген: 

– ата-аналардың міндеттерін орындаудан жалтару, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтару;

– ата-ана құқықтарын теріс пайдалану;

– балаға қатыгездік көрсету, оның ішінде оған күш қолдану немесе психикасына зорлық жасау, оның жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасау; 

– құмар ойындарға, бәс тігуге, спирттік ішімдіктерге немесе есірткі, психотроптық заттарға және (немесе) сол тектестерге салыну; 

– ол өз баласының, жұбайының не отбасының басқа мүшелерінің өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасауы. 

Бірінші сатыдағы соттың шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды, себебі жауапкер балаларға қатысты мұндай әрекеттерге жол бермеді. 

Қылмыстық құқық бұзушылық отбасы мүшесіне қатысты жасалмаған. 

Сондай-ақ сот әкесінің балалардың тегін өзгертуге келісім бергенін назарға алып, талап қоюшыға осы мәселемен АХАТ органына жүгіну құқығын түсіндірді. 

Аталған шешімге талап қоюшы шағым келтірді. 

Апелляцияда қарау кезінде жауапкер балалардың тегін өзгертуге және шетелге шығуға келісім берді. 

Апелляциялық саты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. 

«Сот актісі заңды күшіне енді. Сондай-ақ, АПК-нің 423-бабына сәйкес апелляциялық сатыда істі қарау кезінде қарар бөлімі ғана жарияланатынын және сот актісі 5 жұмыс күні ішінде дайындалып, Сот кабинетіне салынатынын қосымша түсіндіреміз», – делінген сот хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.