Туыстары қайғылы оқиға 22 жастағы жігіттің неке қию рәсімі өткен күні болғанын айтады.
Көкшетауда 22 жастағы жігітті неке қию рәсімі күні өлтіріп кетті
Фото: sinegor.kz
1,273
оқылды

Көкшетауда 22 жастағы жігіт өлі табылды. Қайғылы оқиға туралы sinegor.kz басылымына марқұм жігіттің туыстары айтып берген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Туыстары қайғылы оқиға 22 жастағы жігіттің неке қию рәсімі өткен күні болғанын айтады.

Ақмола облысы Полиция департаменті оқиғаға пікір білдірді.

"12 қарашада Көкшетаудағы көңіл көтеру орындарының бірінде Красный Яр ауылының 22 жастағы тұрғынын өлтіріп кеткен. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сонымен қатар, бұл оқиғаға қатысы бар барлық адам ұсталды. Алты адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", – дейді Ақмола облысы ПД бастығының орынбасары Бақтияр Утекин. 

Ведомство бұл дерек ПД басшысының тікелей бақылауында екенін мәлімдеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.