Ғафиз Есімов 78 жасында дүние салды.
Қазақстанның халық әртісі Ғафиз Есімов қайтыс болды
Фото: видеодан алынды
617
оқылды

Қазақстанның халық әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, “Құрмет” орденінің иегері Ғафиз Есімов 78 жасында дүние салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүл туралы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры хабарлады.

"Бүгін Қазақстанның халық әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, “Құрмет” орденінің иегері Ғафиз Есімов 78 жасында дүние салды. Бұл Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры үшін орны толмас қаза. 1975 жылдан біздің театрдың солисі болып қызмет жасады. Қайталанбас тұлға – Ғафиз Есімовтің қазасына орай барша өнер сүйер қауымға, отбасына театрдағы сүйікті шәкірттері, замандастары, театр ұжымы қайғырып көңіл айтады", – делінген театр мәлімдемесінде.

Негізгі партиялары: Абай (А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абайында»), Думан (Е.Брусиловскийдің «Дударайында»), Алпамыс (Е.Рахмадиевтің «Алпамысында»), Құрманғазы (А.Жұбанов пен Ғ.Жұбанованың «Құрманғазысында»), Онегин (П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегинінде»), Жермон (Дж.Вердидің «Травиатасында»), Дон Жуан (В.Моцарттың «Дон Жуанында»), т.б.
Ғафиз Есімовтің режиссерлік жұмыстары да көрермен есінде. Қоюшы-режиссер ретінде Базарбай Жұманиязовтың «Махамбет» операсын, Брусиловскийдің «Қыз Жібек» спектаклін қайтадан жаңартып қойды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.