Көпбалалы ана 20 жыл ішінде 10 баланы өмірге әкелген.
39 жастағы шымкенттік әйел оныншы баласын дүниеге әкелді
812
оқылды

Шымкент қаласының 39 жастағы тұрғыны Гүлбану Пірімқұлова оныншы баласын дүниеге әкелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол 6 қарашада қалалық перзентханаға жеткізілген. 9 баланың анасы оныншы сәбиін өзі босанған. Перзентхана дәрігерлерінің тарапынан қажетті көмек көрсетілді. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы.

Көпбалалы ана 19 жасында тұрмысқа шыққан екен. 20 жыл ішінде 10 баланы өмірге әкелген. Қазір көпбалалы отбасы Жанел, Әнел, Мэлс, Айсана, Нұрислам, Айдана, Хан, Жасмин, Зере мен Аяулым есімді ұл-қыздарды тәрбиелеп отыр.

Гүлбану Пірімқұлованың күйеуі Болат 43 жаста. Бүгінде олардың үлкен балалары студент атанып үлгерген.