Президенттер екіжақты жоғары деңгейдегі сапарлар ұйымдастыруға уағдаласты.
СОР29 Дүниежүзілік климат саммиті: Тоқаев Молдова президенті Майя Сандумен кездесті
803
оқылды

СОР29 Дүниежүзілік климат саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова президенті Майя Сандумен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастарды, ең алдымен, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтудің мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесуде Майя Санду келесі жылы Астанада Молдова елшілігінің ашылуы елдеріміз арасындағы ықпалдастықты дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Сондай-ақ президенттер екіжақты жоғары деңгейдегі сапарлар ұйымдастыруға уағдаласты.