Әртіс киноны кімге арнағанын да жасырмады.
Таптым-ау сені-2: Алғашқы туындысынан миллиард теңге пайда тапқан продюсер картинаның жалғасы болатынын айтты
4,601
оқылды

Белгілі актриса, продюсер әрі әнші Дариға Бадықова танымал туындысының жалғасы жарыққа шығатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол "Таптым-ау сені" фильмін былтыр 108 млн теңгеге түсірген болатын, ал туындының табысы миллиард теңгеге жуықтаған.

Өнердегі жолын актрисалықтан бастаған Дариға Бадықова продюсерлікке кірісіп, тіпті саундтрегін өзі орындап, әнші атанған еді. Жақында осы туындының екінші бөлімі жарыққа шығатынын да сүйіншіледі. 

"Мен "Таптым-ау сені" фильмін іштей ниет етіп, әкемнің, ұстазымның рухына арнағанмын. Себебі кіммен шыққаным, кімнен өнерден көп дүние үйренгенім белгілі. Әкем мен ұстазымның жатқан жерлері жайлы болсын. Рухтары көкте шалқысын! "Таптым-ау сені 2" де осы кісілердің рухына арналады!", – деді ол.

Айта кетейік, актрисаның әкесі 2017 жылы қайтыс болған. Ал ұстазы – Болат Атабаев 2021 жылы дертке шалдығып, өмірден өткен.