«Нұрикамалды» көргендердің арасында «Отбасы бола тұра басқа әйелге ғашық болуды насихаттаудың керегі не?» деп пікір айтқандар бар.
«Бұл – біреудің отбасын бұзу үшін насихатталған дүние емес»: Ханбибі Есенқарақызы «Нұрикамал» фильмі туралы айтты
Фото: YouTube
784
оқылды

Белгілі ақын Ханбибі Есенқарақызы "Нұрикамал" фильмі туралы пікірін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

«Нұрикамалды» көргендердің арасында «Отбасы бола тұра басқа әйелге ғашық болуды насихаттаудың керегі не?» деп пікір айтқандар бар. Ақын бұл  таза адамдардан шыққан таза махаббаттың үлгісі деп санайды. Сол себептен тазалықтан туған ән халықтың жүрегіне жетіп, 40 жылға жуық уақыт болса да әлі сахнадан да, той-жиындарда айтылып келе жатыр.

«Бұл біреудің отбасын бұзу үшін насихатталған дүние емес. Бұл – өнер адамдарына тән. Әрбір адам – бостан. Біреуге біреу тәуелді емес. Бұл жерде жасандылық, тәуелділік жоқ. Композитордың ғашық болуға құқы бар. Әннің жақсы болғаны үшін ақын ретінде сөзін жазып бергенімді дұрыс деп санаймын. Бірақ композитор еш уақытта Нұрикамалмен байланыста болған жоқ. Нұрикамал да ақыл-ойы бар әйел. Бір жерінде «Біреудің отбасын бұзған адам бақытқа жете алмайды» деп айтатыны бар ғой. Ол да – персонаж. Композитор да, Нұрикамал да жақын қарым-қатынас орнатпаған, таза күйінде қалды. Ешқандай отбасы бұзылған жоқ. Барлығы өз орнында. Ал енді солардың махаббатын қағазға түсірген менде де кінә жоқ. Бұл – таза адамдардан шыққан таза махаббатың үлгісі. Сол себептен тазалықтан туған ән халықтың жүрегіне жетіп, 40 жылға жуық уақыт болса да әлі сахнадан да, той-жиындарда айтылып келе жатыр. Авторлар бақилық болса да, өлең халықтың жүрегіне бір кіріп алса, шығуы мүмкін емес. Сол ән шыққан 40 жыл бұрын өмірге келген бала 40 жасқа келді. Олардың балалары 20-ға келді. Бірақ ұрпақтан ұрпаққа сабақтасып келе жатқаны – әннің бақыты деп ойлаймын», – деді Ханбибі Есенқарақызы Nege.kz порталына берген сұхбатында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.