Алматы полициясы қала жолдарындағы көлік қозғалысы жағдайын тұрақтандыру үшін қажетті шараларды қолға алды.
Алматыда полицейлер жүргізушілерге үндеу жасады
Фото: istockphoto.com
209
оқылды

Ауа райының нашарлауына байланысты Алматыда патрульдердің саны артты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Алматы полициясы қала жолдарындағы көлік қозғалысы жағдайын тұрақтандыру үшін қажетті шараларды қолға алды. Осыған байланысты жол қозғалысын бақылайтын патрульдік полиция экипаждарының тығыздығы арттырылды.

«Қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 262 патрульдік автокөлікте 611 полиция қызметкері кезекшілік етуде. Сағат 20:00-ден таңғы 06:00-ге дейінгі аралықта Жедел басқару орталығына жол-көлік оқиғасы туралы 52 қоңырау келіп түсті, оның 18-інде зардап шеккен жағдай бар», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Сонымен қатар, баяндамашы қыста көлік жүргізуде белгілі бір қиындықтар туындайтынын жеткізді.

Сондықтан жүргізушілерді аса сақ болуға, жылдамдықты шектен асырмауға, тежегіш педалін қатты баспауға, ең бастысы, басқа жол қозғалысына қатысушыларды орындалатын маневр туралы алдын ала ескертуге шақырды.
Сондай-ақ, полицейлер көліктердің дөңгелектерін уақытылы ауыстыру талабын еске салды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.