Қарағанды облысында жасөспірім әжесін тонаған.
Әжесінің есепшотынан 2 миллион теңге ұрлаған жасөспірім ұсталды
Фото: istockphoto.com/ru
476
оқылды

Теміртау қаласының 63 жастағы тұрғын полицияға шағымданды. Бұл туралы Aikyn.kz  сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Полицияға арызданған зейнеткердің айтуынша, белгісіз біреу есепшотынан 2 миллион теңгені шешіп алған. Ақшаның жоғалғанын қаржы жинап жүрген есепшотын тексерген кезде байқаған. Полицейлер шұғыл іздеуге кірісіп, кінәліні анықтады. Күдікті ретінде зейнеткердің немересі ұсталды. Жасөспірім ақшаның көп бөлігін өз қажетіне жұмсап жібергенін айтқан. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.