Қызылорда қаласында алаяқ әйел сотталды.
«Пайызсыз үй, көлік аласың...»: Қызылордада қаржы пирамидасын құрған әйел сотталды
Фото: istockphoto.com/ru
1,283
оқылды

Азаматша кооперативтік филиал ашу арқылы интернет желісінде ешқандай пайызсыз үй және автокөлік алуды жарнамалап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, салымшыларды өзіне ақшалай салым жасауға шақырған. Бұл туралы  Aikyn.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды. 

Әйелдің қылмыстық әрекетінің салдарынан Қызылорда қаласының 11 тұрғынына 15 миллион теңге көлемінде мүліктік зиян келген. 3 жәбірленуші 2 автокөлігінен және 1 жер телімінен айырылған.

Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен азаматша Ш.Г ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігінің 2)-тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін су тасқыны кезінде халықтан қаржы жинаған қайырымдылық қорының басшысы ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.