Қабылдауға келген азаматтар ауылға және Шемонаиха ауданына қатысты бірқатар мәселені көтерді.
Аманаттықтар ауыл тұрғындарының мәселесін тыңдады
729
оқылды

“AMANAT” партиясы кезекті көшпелі қабылдауын Шемонаиха ауданында өткізді. Көшпелі қабылдауға келген Волчанка, Большая Речка, Крюковка, Кандыковка, Березовка ауылдарының тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Партияның мобильдік қабылдау жобасы аясында Республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі мамандар алыстағы ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдап, оның шешілуіне атсалысады. Мұндай шараны тұрақты түрде ұйымдастыратын боламыз. Көшпелі қабылдаудың ауылдықтарға тигізер пайдасы зор, тұрғындар әр саланың маманымен жүздесіп мазалаған сұрақтарына тікелей жауап ала алады”, – дейді “AMANAT” партиясы ШҚО филиалының төрағасы Сайрангүл Жұмаділова.

Бүгінгі қабылдауға келген азаматтар ауылға және Шемонаиха ауданына қатысты бірқатар мәселені көтерді. Атап айтқанда, Өскемен-Шемонаиха, Шемонаиха-РФ дейінгі жолды, аудандағы маман тапшылығын, сонымен қатар уақыттың ауысуының қолайсыздығын жеткізді.

“Ауданымызда маман тапшылығы сезілгелі бірнеше жыл болды. Жас мамандарды тартайық десек “Дипломмен ауылға” жобасы шағын қалалар үшін қарастырылмаған. Біздің ауданымыздың статусы шағын қала болып саналады. Міне, осы мәселенің шешілуіне ықпал етсеңіздер. Егер “Дипломмен ауылға” жобасы жараса, жастар келуге дайын”, – дейді ауыл тұрғыны Илья Чиковани. 

Көшпелі қабылдауға “AMANAT” партиясы Республикалық қоғамдық қабылдауының қызметкері Қымбат Ильясова, партияның облыстық филиалының төрағасы Сайрангүл Жұмаділова, облыстық мәслихат депутаты Марина Быкова, аудан әкімі Григорий Акулов, аудандық мәслихат депутаттары және тиісті сала мамандары қатысты. Қоғамдық қабылдау барысында көтерілген ұсыныстардың оң шешілуі партия назарына алынды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.