Танымал блогер Дархан Жолшыбеков әйеліне қымбат көлік сыйлады, – деп жазды Aikyn.kz.
Блогер екі баласының анасына құны 150 млн теңге көлікті сыйға тартты. Бұл туралы Дархан Жолшыбеков Instagram-дағы парақшасында тосынсый жасаған сәтін жария етті.
Блогердің таңдауы Mercedes G63 AMG Grand Edition маркалы көлігіне түскен. Айтуынша, бұл темір тұлпардың әлемде 1000 данасы ғана бар.
Дархан Жолшыбеков бұл көлік әйелінің арманы болғанын айтты.
"Сен барлық жақсылыққа лайықтысың! Менің өмірімде бар болғаныңа рақмет. Барлығыңызға жұғысты болсын", – деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.