Әнші дубай шоколады мен жапон жүзімін жеп көрмегенін жасырмады.
«Еліктеуді қашан қоямыз?»: Меруерт Түсіпбаева желіде тренд қуатындарды сынады
Фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva
1,204
оқылды

Әнші Меруерт Түсіпбаева желіде тренд қуатындарды сынады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Әнші дубай шоколады мен жапон жүзімін жеп көрмегенін жасырмады. 

“Достар, дубай шоколадының дәмін татпадым. Түрінен-ақ шошимын. Одан кейін калориясы көп екен. Бір танысым 25 мың теңгеге бір данасын сатып алыпты. Онысын видеоға түсіріп, жеп отыр. Одан да Қазақстан шоколадының 35 данасын сатып алушы едім. Жапон жүзімінің түрі-ақ ұнамаған еді. Осыларды жемесем де, көштен қалдым демеймін. Шүкір, тірімін ең бастысы. Осы біз еліктеуді қашан қоямыз екен?! Анау солай жасады, мен де қалмайын деп бәсекелесуге құмармыз. Трендтен қалғандар өзіміз отырып шай ішейік”, – деп әзілдеді әнші. 

Айта кетейік, бұған дейін желіде дубай шоколады мен жапон жүзімі трендке айналды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.