"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 15 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Бұрқасын, тұман, көктайғақ: 15 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
523
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 15 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның көп бөлігінде қар жауады, батысында, оңтүстік-батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасынмен, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, батысында, елдің солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.