Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломдармен жұмыс істеген Резерваттың 5 қызметкерін, оның ішінде бір филиал басшысын анықтады.
"Біреуі басшылық қызметте": Абай облысында жалған дипломмен жұмыс істеген 6 адам ұсталды
Фото: newtimes.kz
2,218
оқылды

 

Абай облысы прокуратурасы жалған дипломмен жұмысқа орналасқан «Семей орманы» МОТР қызметкерлерін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломдармен жұмыс істеген Резерваттың 5 қызметкерін, оның ішінде бір филиал басшысын анықтады.

"Семей қаласы  Шәкәрім атындағы университеттің мәліметіне сәйкес, аталған қызметкерлерге диплом берілмеген", – делінген хабарламада.

Осы фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі ("жалған құжаттарды жасау, дайындау немесе өткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталып, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жолданды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.