Айгүл Иманбаеваның енесі "Айгүл" вокалды-аспапты ансамблінің құрамындағы әнші Ақжан Жайсанбаева болып шықты.
"Айгүл" ансамблінде әнші болған: актриса Айгүл Иманбаева алғаш рет енесін көрсетті (видео)
Фото: видеодан алынды
17,564
оқылды

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева желіде алғаш рет енесімен бірге түскен видеосын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айгүл Иманбаеваның енесі "Айгүл" вокалды-аспапты ансамблінің құрамындағы әнші Ақжан Жайсанбаева болып шықты.

"Екі күн болды Алматыдан енем келіп, өзімнің келіндік міндетімді атқарып жатырмын. Құдайдың құдіретіне шек жоқ қой. Мамам 1968 жылы Қыздар мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан ашылған "Айгүл" вокалды-аспапты ансамблінің құрамында әнші болған Ақжан Жайсанбаева. Қазір жасы 76-да. Мен өмірге келген жылдары ансамбльдің дүркіреп жатқан кезі екен. Содан менің мамамның құрбысы атымды сол ансамбльдің құрметіне Айгүл деп қойған.

Тағдыр жолымда араға қаншама жыл салып, өмірлік жартымның анасы "Айгүл" ансамблінде әнші болғаны кездейсоқтық емесі анық. Қадірлеймін. Бүгін менде "Хабар" арнасында таңғы эфир болды. Ал енемді "Абай" арнасы "Айгүл" ансамблінің құрамымен түсірілімге Алматыдан алдырады. Таңертең екеумізде әртіс болып айнаның алдында жиналғанымыз тіпті қызық болды. Шын сұрасаң жаратқан өз адамыңды кездестіреді. Басқа адамға шын жүрегіңмен тілекші болсаң,ол өзіңе мың есе жақсылықпен қайтады", – деп жазды Иманбаева.

 

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.