Жігер Ауыпбаев "1001 түн" бағдарламасында қонақта болып, жеке өміріне қатысты ешкімге айтпаған сырын ашты.
"Күйзеліске түсіп кетпеудің жолын іздеп жүрмін": Жігер Ауыпбаев ешкімге айтпаған сырын айтты
Фото: stan.kz
5,244
оқылды

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев "1001 түн" бағдарламасында қонақта болып, жеке өміріне қатысты ешкімге айтпаған сырын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әнші жеке өміріне қатысты бар шындықты айтты.

Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында қонақта болып, жеке өміріне қатысты ешкімге айтпаған сырын ашты. Әнші бұрынғы әйелімен мінезі жараспай ажырасып кеткенін айтты.

"Менің басымнан не өтпеді. Біраз нәрсе өтті. Негізі отбасылы болғанмын. Бірақ уақыт өте келе мінезіміз, мүмкін көңіліміз де жараспай, екі жаққа кеткен болатынбыз. Одан кейін көңілді де алдау үшін іздейсің ғой. "Адамға да адам керек" демекші, қасыңнан табылатын, ішкі жан дүниеңді түсінетін, сөзімен қуаттап отыратын адам керек. Күйзеліске түсіп кетпеудің жолын іздеп, сондай кезеңдерде танысып, табысып, сөйлесіп жүрген кездерім болған. Әлі де табылмай жатыр", - деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.