Бұдан былай Адай жылқысы ресми түрде бөлек тұқым ретінде тіркелді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің І форумында айтты.
Адай жылқысы ресми түрде бөлек тұқым ретінде тіркелді
245
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, жылқының бұл тұқымын таныту үшін нақты шараларды қабылдауды тапсырған.

Қазір елімізде жылқы саны үздіксіз өсіп келеді. Бұл – жақсы үрдіс. Дегенмен асылтұқымды жылқының үлесі бір пайызға да жетпейді. Яғни, 4,2 миллион жылқының 40 мыңы ғана асылтұқымды. Сондықтан мал тұқымын асылдандыру жұмысына баса мән берген жөн. Қазақстанда жылқының бірнеше түрі бар. Оның ішінде қазақпен бірге жасап келе жатқан жабының орны ерекше. Кейін оған Қостанай, Көшім және Мұғалжар тұқымдары қосылды. Әрқайсысының өз ерекшелігі бар. Бұған дейін Адай жылқысы Маңғыстаудың баға жетпес қазынасы екенін айттым. Оны әлемге таныту үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырдым.

Енді Адай жылқысы ресми түрде бөлек тұқым ретінде тіркелді. Бұл арғымақтар Ұлы дала жорығында, басқа да аламан бәйгелерде топ жарып жүр. Қостанай жылқысы да мықты екені белгілі, алайда жоғалып кетудің аз-ақ алдында тұр. Одан небәрі 280 бас қалды. Сондықтан жылқының санымен қатар, сапасын арттыру – маңызды міндет. Биыл қазақ жылқысының тұқымын сақтау және көбейту үшін арнайы заң қабылдадық. Енді бұл бағытта тағы бір маңызды қадам жасаймыз. Мен Үкіметке Жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырамын. Білікті мамандар мұны көптен бері айтып жүр. Құзырлы органдар қысқа мерзім ішінде осы мәселені пысықтап, қаржы көздерін нақтылауы керек, – дейді Президент.