Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында мемлекеттік қызметкерлердің тұрмысы, олардың қарбалас жұмысы, табысы туралы айтты.
Мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы беруге тыйым салуға негіз жоқ – Тоқаев
Фото: akorda.kz
715
оқылды

Президенттің айтуынша, кей кездері түнімен жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегі лайықты бағалануы тиіс. Бұл туралы Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Сонымен қатар жақында мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы беруге тыйым салынатындығы туралы мәселе қызу талқыланды. Қаржы министрлігі оған тыйым салуға негіз жоқ екенін түсіндіріп берді. Мемлекеттік қызметшілер – елдегі жүйелі өзгерістердің басты жолбасшылары. Олардың табысы айтарлықтай көп емес. Кей кездері түнімен жұмыста отырады. Мемлекеттік қызметшілердің де отбасы мен міндеті, қала берді қарапайым адам ретіндегі қалауы мен жоспары бар. 

Мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыру үшін қатардағы қызметкерлердің еңбекақысы бәсекеге қабілетті болуы керек деп ойлаймын. Сыйақы аталған мәселені шешуге мүмкіндік береді. Басқа жолмен мемлекеттік қызметке білікті мамандарды тартып, кадр тұрақсыздығы проблемасын шешу қиын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Бұған дейін ауылда бір отбасынан бірнеше адам атаулы әлеуметтік көмек алатын жағдайлар жиі кездесетінін, еңбек етуге құлықсыз тұрғындар да бар екенін атап өтті.