Басты мақсат – оқушыларды өз елінің тарихымен таныстыру, жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу, белсенді өмір салтын қалыптастыру.
Шараға АЭЕО әдіскері Әділхан Шаяхметов, Алматы қаласы Түрксіб ауданы қорғаныс Басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Доскен, спорт шебері әрі парашют спорты бойынша 3 дүркін әлем чемпионатының жүлдегері, 4500-ден аса парашютпен секірген, жерге қонудың дәлдігі жөнінен Қазақстан рекордын орнатушы, ҚР абсолютті чемпионы Бибігүл Рамазанова қатысты. Оған қоса жиынға подполковник, «Айбын» орденінің иегері Марат Қанатов пен интернационал-жауынгер, подполковник Авуджан Амраев және аға-лейтенат, қазір №89 ЖББМ мұғалім-ұйымдастырушысы Тельман Мұззапаров, №85 ЖББМ АӘЕД мұғалім-ұйымдастырушысы Бауыржан Жикеев, аға-лейтенат Диас Махмұт пен 3 санатты сержант, 61993 әскери бөлімінің әскери қызметкері Азамат Имаханов секілді сыйлы қонақтар мен мұғалімдер, оқушылар атсалысты.
Мектеп директоры С. Ағыбаеваның сөзімен басталған шарада АӘД пәні мұғалімі және «Патриот» клубының жетекшісі, подполковник И. Клюй де үн қосты.
Ерлік пен отансүйгіштіктің символына айналған Рақымжан Қошқарбаев өз еркімен майданға аттанғаны белгілі. Бірінші болып Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен ол ел есінде өзінің жанкештілігі әрі ерлігімен есте қалды. Қазақ халқының даңқты ұлының мерейтойына орай патриоттық әндер шырқалып, оқушылар ҰОС батырына арналған өлеңдері оқылды. Сонымен қатар, №78 мектеп оқушылары «сарбаз» клубының қатысушылары қолма-қол шабуыл қойылымын көрсетті.
«Отанымыздың болашақ қорғаушыларына үлгі болатындай Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі жайлы көп нәрсе айтылды», – деді Алматы қаласы Түрксіб ауданы қорғаныс ісі жөніндегі Басқарма бастығының орынбасары Еркебұлан Доскен.
№71, №32, №170, №11 ЖББМ оқушылар арасында АК-74 – толық және толық емес бөлшектеу, пневматикалық мылтық ату, арқан тарту, турникке тартылу секілді сайыстар өтті.
Мектеп директоры, қонақтар мен әскери дайындық мұғалімдері жарыс жеңімпаздарын мақтау қағаздарымен, естелік сыйлықтарымен марапаттады.
Нұрай Сейтмұратқызы