Алматы облысында жас жігіт төрт адамды көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
14 қараша күні белгісіз ер адам Есік қаласы Алтын Адам аллеясы көшесімен келе жатып, төрт жаяу жүргіншіні қағып, кейін оқиға орнынан қашып кеткен.
Жол апаты салдарынан 16 жастағы қыз аудандық ауруханаға жатқызылды. Алайда, дәрігерлер оны аман алып қалуға тырысқанымен 15 қараша күні таңертең жасөспірім алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде BMW-320I автокөлігін басқарған 18 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Облыстық Полиция департаменті жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға және ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.