Өңірлік ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Ақтөбе облысында 48 жастағы тұрғын анасын ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталды
Фото: istockphoto.com
424
оқылды

Ақтөбе облысы Мәртөк ауылында 73 жастағы әйелдің денесін табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ол ішкі ағзасындағы жарақаттардың себебінен көз жұмған. «Мой город» басылымының жазуынша, оқиға 14 қарашада болған. 

Күдікті ретінде марқұмның 48 жастағы қызы ұсталды. Белгілі болғандай, бірге ішімдік ішіп отырған анасы мен қызы арасында жанжал туындаған.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

ҚР ҚК-нің 106-бабы, «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.