Маңғыстау облысында алғаш ауыл әкімдерінің форумы өтті. Форумда елдегі саяси реформалардың, жобалардың орындалуы сарапталып, ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды.
Маңғыстауда – ауыл әкімдері форумы
678
оқылды

Жиынға «AMANAT» партиясының Хатшысы Эльдар Жұмағазиев, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік да­му департаменті директорының орын­басары Жәнібек Шәйдікерім және барлық деңгейдегі әкімдер, облыстық мәслихат де­путаттары, партия ардагерлері, облыс­тық басқарма басшылары, партияның қалалық және аудандық филиалдарының төрағалары қатысты.

Форумда партия Хатшысы Эльдар Жұ­мағазиев ауыл әкімдерінің алдында тұрған міндеттерін нақтылады. Сонымен қатар елді мекендегі кәсіпкерлікті дамыту, эко­номикалық ахуалды арттыру мақсатында басталған «Ауыл аманаты», «Жер амана­ты», «Ауыл – ел бесігі», «Қарызсыз қоғам» жо­баларының мазмұнына, партияның алдағы жоспарына тоқталды.

«Ауыл әкімдерін қосымша төлем көз­дері туралы мәселе алаңдатып отыр. Осы орайда жаңа Бюджет кодексінің жо­басы шеңберінде ауылдық округтің ау­мағында орналасқан кең таралған пайдалы қаз­баларды, жерасты суларын және емдік бал­шықтарды өндіруге салынатын са­лықты бюджеттің IV деңгейіне беру көз­деліп отыр. Бұдан басқа жергілікті өзін-өзі басқарудың табыс көздерін кеңейту үшін қосымша салықтар мен төлемдердің түрлерін беру жоспарлануда», – деді пар­тия Хатшысы Эльдар Жұмағазиев.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәу­лет Қилыбай мұндай ауқымды шаралар барлық деңгейдегі әкімдердің өзара бай­ланысын нығайтуға, тәжірибе алмасып, шалғай елді мекендердің әлеуметтік-эко­номикалық дамуына серпін беретінін атап өтті. 

Жалпы, Маңғыстау облысында 47 ауыл әкімі бар, оның ішінде 43 ауыл әкімі «AMANAT» партиясының атынан сай­ланған. Сондай-ақ форумда Оңды ауы­лының әкімі Қуаныш Жәнібекұлы жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін қозғап ұсыныс­тарын жеткізді. 

Форумның екінші бөлігі панельдік секция жұмысымен жалғасты. Онда ҚР Президент жанындағы мемлекеттік бас­қа­ру академиясы Маңғыстау облыстық фи­лиа­­лының өкілдері «Эмоционалды интел­лект және көшбасшылық» тақырыбы бо­йынша тренинг өткізді.