Ұлттық академиялық кітапханада қазақстандық ау­дар­машы, прозаик, публицист, әде­биеттанушы Герольд Бельгердің 2 том­дық «Таңдамалылар» кітабының тұсаукесері өтті.
«Таңдамалылар» жарық көрді
377
оқылды

Жазушының жаңа туындысы «Әлеуметтік маңызы бар әдебиет­терді басып шығару және тарату» мемлекеттік бағдарламасы аясын­да жарық көрді. Іс-шара қазақ аудармашысы және прозашысы Герольд  Бельгердің туғанына 90 жыл толуына орай өтті. 

Герольд Бельгер – неміс, қазақ және орыс тілдерін бірдей меңгер­ген көрнекті жазушы. Әдебиет жолында  Абай мұрасын зерттеп, қазақ, орыс және неміс тілдерінде мақалалар, әңгімелер және екі мың­ға жуық шығарма жазған. «Сос­новый дом на краю аула», «Чай­ки над степью», «Земные из­бран­ники» (Гете, Абай), «Казахское слово», «Ода переводу», 10 томдық «Таңдамалылар» және тағы басқа көптеген шығарманың авторы. 

Мемлекет және қоғам қайрат­кері, әде­биет­танушы Сауытбек Әбдрахманов жүр­гізген әдеби шарада  Герольд Бельгер жайлы тү­сірілген «Өмір иірімі» атты деректі фильм көрсетілді. 

Шығармалары оқырман жүре­гіне жол тапқан талант иесінің ру­хын аспандатқан басқосуда зия­лы қауым өкілдері Герольд Бель­гердің жазушылық қыры мен әде­биеттегі орны жайлы ой тол­ғады

Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжат­тама  және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али, Ресей дипло­матиялық корпусының өкілдері, жазу­шылар, ақындар, аударма­шылар, кітапхана оқырмандары қатысты.