Гүлзира Айдарбекова оқырмандарын бақытты сәтті бағалауға шақырды.
«Жас емессіңдер, ұят емес пе?»: Қайрат Нұртастың анасы күйеуі қалай еркелететінін айтты
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova
19,969
оқылды

Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық видеосын бөлісті, – деп жазды Aikyn.kz.

Бейнежазбадан продюсердің күйеуі Нұртас Айдарбеков жан жарына жылы сөз айтып, еркелеткенін байқауға болады. Гүлзира Айдарбекова оқырмандарын бақытты сәтті бағалауға шақырды.

«Адам қанша қартайса да, жүрек 18-25 жастағыдай қартаймайды деген рас қой. Нүрекемнің шынайы өмірде қалай еркелететінін салып қояйыншы. Кейбіреулер «Жас емессіңдер, ұят емес па?» деп жатады, айтатындар айта берсін. Сіздер де еркелеп жүре беріңіздерші. Аз ғана өмірде барымызды бағалайық дегендер лапылдаған оттан жіберіңіздерші. Нүрекеңнен оқырмандарыма арнайы үш адамға 5к-дан сіздерге салдырып қояйын, жұғысты болсын деп», - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Әлеуметтік желідегі оқырман продюсердің жазбасына пікір жазып, қолдау білдірді.

 

«Алла қосқан жан жарыңмен осылай жүргенге не жетсін», «Қандай әдемі, жарасымды әзіл», «Еркелеткенінің өзі қандай керемет, еркелегеніңіздің өзі қандай жарасымды», «Мықты еркектер ғана әйелдерінің еркелігін көтереді», «Қамшының сабындай қысқа өмірде сыйласқанға не жетсін. Жүз жасаңыздар», деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.