Ол денсаулығына қатысты деректі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Қазақшылыққа салынып жүре береді екенбіз: депутат  Дәулет өзіне ота жасалғанын мәлімдеді
Видеодан алынған кадр
366
оқылды

Мәжіліс депутаты, белгілі блогер Дәулет Мұқаев мұрнына ота жасатты, - деп жазады Aikyn.kz

"Осыдан 10 жыл бұрын қисайған мұрын түзелді. Негізі көп адамда мұрын қисық екен. Бірақ қазақшылыққа салынып, жүре береді екенбіз. Мен әне-міне түзеймін деп жүргенде 10 жыл өте шыққан ғой. Ал уақыт өткен сайын оның салдары да қиын. Ең дұрысы - уақытында емделу.

Отаны сәтті жасаған білікті дәрігерлерге, анестезиологқа, мейірбикелерге алғыс білдіремін. Қолыңыз дерт көрмесін!", - делінген халық қалаулысының жазбасында.

Ол жас 30-дан асқанда емдейтін жерлер жайлап көбейе беретінін де атап өткен.

"Тісті емдедік, көзді емдедік, енді міне, мұрын… Осылай жайлап төмендей береді. Өзге ақпараттарды сторисімде бөлісемін", - деген депутат.