Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Таеквондодан Туниске алтын алып берген Есбол Сұлтанов өзін Қазақстан құрамасының бас бапкерлігіне ұсынды
Sport Plus Qazaqstan
561
оқылды

Қазақстандық бапкер, Тунис елінің таэквондошыларын жаттықтырып, биыл Париж Олимпиадасында құраманы жалпы есепте төртінші орынға шығарған Есбол Сұлтанов өзін Қазақстан құрамасының бас бапкерлігіне ұсынды, деп жазады Aikyn.kz.  

"Мен, Есбол Сұлтанов, кеше Париж Олимпиадасында таеквондодан Тунис еліне алтын медаль жеңіп алған бапкермін. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мені атап өтуі – мен үшін үлкен құрмет. Соған байланысты, енді қазақ спортын көтерсем деймін. Өз кандидатурамды ұлттық құраманың бас бапкері ретінде ұсындым. 17 қараша күні Қазақстан таеквондо федерациясының ұйымдастыруымен үлкен жиын өтеді. Мен үшін қазақ спортына, қазақ еліне қызмет ету үлкен мәртебе. Алла қаласа, 2028 жылы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарында қазақтың баласы таеквондодан алтын медаль жеңіп алып, әнұранымыз шырқайды деп сенемін. Жеңісті күндеріміз көп болсын! Алға, Қазақстан", – деді Есбол Сұлтанов. 

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Тунис құрамасы таеквондодан алтын және қола жүлдеге ие болып, жалпы есепте төртінші орыннан көрінді. Тунис елінің таеквондошыларын Есбол Сұлтанов жаттықтырған болатын. 

Кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Есбол Сұлтановты мысалға ала отырып, Бапкерлерге жан-жақты қолдау көрсету шараларын қолға алу керектігін айтқан болатын.