Әлеуметтік желіде ұсталғандардың туыстары жасаған үндеудің бейнежазбасы тарады.
Қаржаубай да жауапқа тартылуы керек: Шерзат Болаттың ісі бойынша ұсталғандардың жақындары мәлімдеме жасады
1,598
оқылды

Талғарда 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша ұсталғандардың туыстары алғаш рет мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Күдіктілердің жақындары балалардың кінәсі үшін кешірім сұрайды. Бірақ сонымен бірге марқұмның ағасы мен әкесін де жауапқа тартуды талап етіп отыр.

"Халықтан кешірім сұраймыз. Балаларымыз кінәлі, бірақ Нұрқанат (ағасы) пен Қаржаубай (әкесі) де жауапқа тартылуы керек. Сотта екі жақтың да әділ қаралуын сұраймыз. Бір жақты ғана кінәлауға болмайды. Мылтықты көлігінен Нұрқанат (ағасы) алып шықты. Жігіттерге қарай оқ жаудырды. Біреуінің жағын сындырды. Өздері мылтық пен пышақ алып шықты. Содан жігіттер көтеріліп кетті. Балаларымыз үшін кешірім сұраймыз. Біздікі дұрыс емес. Бірақ арандатпаса, бәрі тыныш үйлеріне қайтар еді", – дейді ұсталғандардың туыстары.

Сондай-ақ, олар видеоүндеуде балаларының "ол жаққа Шерзатты өлтіру үшін арнайы бармағанын және ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі емес екенін" айтқан.