Қайғылы хабарды еріктілер жеткізді.
Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен қыздың денесі табылды
Фото: instagram.com/volontery_almaty_lider.kz
1,436
оқылды

Алматыда 26 қазанда жоғалып кеткен 30 жастағы Әйгерім Сыпатаева өлі күйінде табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы хабарды еріктілер жеткізді. Еріктілердің мәлімдеуінше, Әйгерім Сыпатаева 26 қазан күні түнгі сағат 21:00 шамасында Алматының Медеу ауданындағы үйінен шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен. Қыздың денесі 10 қарашада табылды делінген. 

"Марқұмның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз", – деп жазды еріктілер. 

Алматы Полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне 30 қазанда Алмалы ауданындағы үйлердің бірінен жас әйелдің зорлық-зомбылық белгілері жоқ денесі табылғанын хабарлады. 

"Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, өлім жедел жүрек жеткіліксіздігінің салдарынан болған", – деп мәлімдеді қалалық полиция өкілдері. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.