21 адам, оның ішінде төрт бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Өскеменде өрттен алты адам құтқарылды
243
оқылды

Өскеменде Гагарин бульварындағы бес қабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері өрт шыққан үйден 21 адамды, оның ішінде төрт баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады. Құтқарушылар арнайы респираторлық капюшондарды қолдану арқылы алты адамды, соның ішінде үш баланы құтқарды.

«Өрт 20 шаршы метр аумақты қамтыды. Төтенше жағдай қызметкерлері оны жедел түрде сөндіріп, апаттың әрі қарай өршуіне жол бермеді. Өрттен зардап шеккендер тіркелмеген», – деп жазылған хабарламада.

Құтқарушылар тұрғындарға сақтық шараларын ескеру қажеттігін атап өтті.