ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына дереу келді.
Құтқарушылар бес жасар қызға көмекке келді
Фото: ТЖМ
428
оқылды

Елордалық құтқарушылар бес жасар қыз балаға көмекке келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

112 қызметіне Ш.Құдайбердіұлы даңғылындағы пәтерде жылыту радиаторында 2019 жылы туған баланың аяғы қыстырылып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. 

ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына дереу келді. Кәсіби іс-әрекеттер барысында баланың аяғына жарақат келтірмей босатылды. 

«Еске саламыз: төтенше жағдайлар кезінде дереу 112 нөміріне хабарласу қажет», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.