Бір отбасының 4 адамы, соның ішінде 3 баласы газдан уланып, көз жұмды.
Қостанай облысында қайғылы жағдай болды: бір отбасының 4 мүшесі көз жұмды
Фото: Sputnik / Владислав Воднев
791
оқылды

17 қарашада Қостанай облысында қайғылы жағдай болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz  «Тобол-Инфо» басылымына сілтеме жасап.

Бір отбасының 4 адамы, соның ішінде 3 баласы газдан уланып, көз жұмды.

Жексенбіде түскі сағат бір кезінде Амангелді ауданы Тасты ауылдық округіндегі Қарынсалды ауылында отбасының 7 мүшесі өз үйлерінен табылды. 

Төртеуі көз жұмған, бұл екі, үш, сегіз жастағы балалар және олардың 1957 жылғы атасы.  

Басылымның хабарлауынша, отағасы, анасы және олардың 4 жасар баласы Арқалық қаласы ауруханасына жеткізілді. 

Отбасы аз қамтылған санаттан болған. Отағасы жергілікті мектепте өрт сөндіруші болып жұмыс істейді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.